ШҚО

Өскеменде кішкентай Отан қорғаушылар ант қабылдады

Өскеменде жауынгерлері ерлігі ұлықталды.

Өңірдегі «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубының өркен жаюына Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қарқынды үлес қосуда. Оның бір айғағы күні кеше Өскемен қаласындағы жалпы білім беретін Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №4 орта мектебінде өткен оқушылардың ант қабылдау рәсімі. Білім алушылар үшін маңызы бөлек іс-шараға Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Атабек Салықбаев және өңірлік қолбасшылық қолбасшысының кеңесшісі, ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полковник Айдар Оразбаев қатысты.

– Шара мақсаты әскерге дейінгі жастардың бойына патриоттық рух дарыту. Сондықтан біз аймақтағы «Жас Бүркіт» әскери-патриоттық клубтарымен тығыз қарым-қатынастамыз. Ант қабылдау рәсімінен бөлек, ерлік сабақтары, ашық есік күндері сияқты әскери-патриоттық мазмұндағы көптеген іс-шараларды жиі ұйымдастырамыз, – дейді полковник Атабек Салықбаев.

Шара барысында білім ордасында кадет сыныптары ашылып, оларға Тәжік-Ауған шекарасында шейіт болған он жеті жауынгердің есімдері берілді. Атап өтсек, бірінші кадет взводы кіші сержант Әлихан Өгізбаев есімімен аталса, қатардағы Еркін Байғабыловтың есімі екінші кадет взводына берілді. Сонымен қатар Ұлттық ұланның ардагерлер кеңесінің мұрындық болуымен ант қабылдаған оқушылардың кеудесіне арнайы он жеті жауынгердің есімі жазылған төсбелгілер тағылды. Шара соңында ұйымдастырушы тарап, қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті қорғап, бейбіт өмірге қол созған батырларды еске алу мен құрметтеу әрдайым ұрпақ жадында сақталуы тиіс екендігін сөз етті. Еске салайық, кадет сыныптарында әскери-патриоттық тәрбиеге мән беріліп, әскери қызметке дайындау іс-шаралары қамтылған.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button