ҚоғамСемейТОП

Семейде “Semey Bus” автопаркімен өткен брифинг жанжалмен  аяқталды

"Semey Bus" ЖШС БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізіп, автопарк қаржысы туралы  есеп берді, деп хабарлайды Semey News

Брифингке сондай-ақ, Семей қаласының әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов қатысты. Кездесуге қатысқан блогерлердің бірі баспасөз брифингіне кедергі келтіріп, нәтижесінде барлық журналистер көкейкесті сұрақтарын қоя алмады.

Қала басшысы өз кезегінде “Кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ мен “Semey Bus” ЖШС арасындағы сот процесі жалғасып жатқанын еске салды. Егер автопарк істен  жеңілсе, тиісінше автобустар конкурc нәтижесінде жеңіске жеткен тасымалдаушының қолына өтпек.

– Бүгінде сот процесі әлі жүріп жатыр. Ол аяқталғанша, біз ештеңе шеше алмаймыз. Барлығы соттың нәтижесіне байланысты болады. Егер сот “Semey Bus” ЖШС автопаркінің пайдасына аяқталған жағдайда, біз олармен шарттық міндеттемелер негізінде жұмыс істеуді жалғастырамыз. Ал, егер кәсіпорын істен ұтылса, автобустар алынып, “Кәсіпкерлікті дамыту қорына” қайтарылады. Біз өз кезегімізде конкурс өткізіп, жаңа тасымалдаушыны анықтаймыз, – деп қорытындылады Нұрымбет Сақтағанов.

Әзірге сот процесі дайындық сатысында.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button