Сайлау

Ауылды дамытсақ еліміз өркендейді – Айдын Жакишев

№2 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Айдын Жакишев өзінің сайлауалды бағдарламасында ауылдық жерлерді дамытуды негізгі басымдықтардың бірі ретінде атап өтеді. Оның пікірінше, ауылдық аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту – өңірдің дамуы мен тұрғындардың өмір сапасын арттырудың негізі.

Айдын Жакишев ауылдық жерлерді дамыту арқылы өңірдегі экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, халықтың әл-ауқатын арттыруға үлес қосатынына сенімді. Ол ауылдарды қолдау – елдің жалпы дамуының негізі екенін және бұл бағытта бар күш-жігерін салуға дайын екенін мәлімдеді.

Бұл бастамалар ауылдық аймақтарды өркендетуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтеруге негіз болады.

№2 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихат депутаттығына үміткер А. Жакишевтің сайлау қорынан төленді

Осы айдарда

Back to top button