Абай облысыТОП

Абай гарнизонының жас сарбаздары танкіге қарсы тұру оқу жаттығуына қатысты

Осы күзде шақырылған жауынгерлер алғаш рет қолдарына қару ұстап, автоматтан оқ атып, танкіге қарсы тұрды.

Жуырда қабылданған жас сарбаздар окопқа жасырынып, әскери техниканы өздерінің үстінен өткізді. Содан кейін жау танкісіне қарсы граната лақтырды.

Тапсырманы орындамас бұрын сарбаздарға шартты қарсыластың танктеріне қарсы тұрудың әдістері түсіндірілді. Сондай-ақ оларға әртүрлі ұрыс жағдайында танкке қарсы гранаталарды және қару-жарақты қолдану ережелері мен тәсілдері баяндалды.

          – Бүгін жоспарға сәйкес қарсыластың танкісіне қарсы окопта жатып қорғану әдістерін үйрендік. Алған әсерім өте жақсы. Қорқынышымды жеңе білдім. Жәнеде менің қарулас достарымда осындай әсер алды деген ойдамын. Барлықтарын алғашқы танк астынан өтулерімен құттықтаймын, – дейді Қостанай облысынан шақырылған қатардағы жауынгер Бекболат Ғайып.

Брондалған бірнеше тонналық техниканың астына жатып, оған қарсы тұруға машықтандыру, өздеріне деген сенімділікті арттыруда өте үлкен рөл атқарады. Бұндай әсерлі жаттығудан кейін жас сарбаздар өздерін нағыз жауынгер және Отан қорғаушы сезінері сөзсіз.

 Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button