Семей әуежайы жолаушыларды жаңа автобуспен тасымалдайды
Семей қаласының халықаралық әуежайы жолаушыларға ыңғайлы және қауіпсіз қызмет көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуде, деп хабарлайды Semeynews.kz.
Семей қаласының халықаралық әуежайы жолаушыларға ыңғайлы және қауіпсіз қызмет көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуде. Жуырда әуежай 110 адамды тасымалдауға арналған заманауи автобусқа ие болды.
Автобуста мүмкіндігі шектеулі жандардың жайы да ескерілген. Осы арқылы біз олардың кедергісіз қатынауына мүмкіндік жасамақпыз, – дейді әуежай директоры Ғазизбек Саматов.
Жаңа көлік облыс әкімдігінің қолдауымен сатып алынды. Енді жолаушыларды терминалдан ұшаққа және кері жедел тасымалдауға мүмкіндік туып отыр.
Әуежай – алыс жақыннан келетін қонақтар үшін қақпа іспеттес. Әуежайымыз барлық талаптарға әсіресе жолаушылар сұранысын қанағаттандыратын деңгейде болуы керек. Біз жерлестеріміз бен жолаушылар үшін қолайлы орта жасау үшін өз міндеттемелерімізді орындауымыз қажет, – деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, әуежайда ағымдағы жылдың соңына дейін мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың ыңғайлы әрі қауіпсіз көтерілуі мен түсуін қамтамасыз ететін амбу-лифтті пайдалануға беру жоспарлануда.