Семей

Семейде кезекші ХҚКО мекенжайы өзгереді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Абай облысындағы филиалы 2024 жылғы 1 қарашадан бастап Семей қаласының №2 халыққа қызмет көрсету бөлімі кезекші кесте бойынша жұмыс істей бастайтынын хабарлайды. Бұл бөлім Бауыржан Момышұлы көшесі, 22 мекенжайында орналасқан.

Айта кетейік, қазіргі уақытта кезекші кесте бойынша 408-квартал, 21 мекенжайында орналасқан №1 ХҚКО жұмыс істеп тұр. 1 қарашадан бастап бұл бөлім әдеттегі жұмыс кестесіне көшеді.

Әдеттегі ХҚКО бөлімдері дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал кезекші орталықтар азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күндері 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.

Сонымен қатар, семейліктер халыққа қызмет көрсету орталығына бару уақытын алдын ала «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы немесе 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы брондай алады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button