2024 жылғы 28 қазанда шамамен 17:15-те Семей қаласындағы Қабанбай батыр мен Уранхаев көшелерінің қиылысында 18 жастағы «ВАЗ» көлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 54 жастағы жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді.
Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тексеру жүргізілуде.
Абай облысының полиция департаменті барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жаяу жүргіншілер өткелдерінде барынша сақ болуға шақырады.