МӘМС бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 13 жүйе құраушы кәсіпорынның өкілдерімен кездесулер өткізілді
Бұл іс-шаралардың мақсаты МӘМС жүйесіндегі артықшылықтар мен міндеттер туралы жұмыс берушілер мен қызметкерлердің хабардарлығын арттыру, сондай-ақ қызметкерлерді сақтандыру мәртебесіне байланысты өзекті мәселелерді шешу болды.
Жұмыс берушілермен кездесулер барысында мамандар МӘМС жүйесіне қатысу тәртібі және қызметкерлердің сақтандыру мәртебесін қолдау талаптары туралы толық ақпарат берді.
Үйлестірілген жұмыстың арқасында 1600-ге жуық қызметкердің мәртебесін тексеру және қалпына келтіру мүмкін болды, бұл оларға МӘМС қаражаты есебінен қаржыландырылатын медициналық қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Жүргізілген жұмыс медициналық сақтандыру қоры мен жұмыс берушілер арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға, сондай-ақ қызметкерлердің әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.