Абайская область

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Абай облыстық мәслихат депутаттығына өз кандидатурасын ұсынды

“Құрметті жерлестер!

Ұзақ жыл бойы мемлекеттік қызмет саласында еңбек ете отырып, ол жақтың илеуінен өттім. Ендігі бар күш-жігерімді ақыл таразысына сала отырып, қоғамдық қызмет саласында өңіріміздің даму жолына арнамақпын. №2 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде тіркелдім.
Осы орайда маған көрсететін қолдау мен білдіретін сенімдеріңіз аса маңызды болмақ. «Келісіп пішкен тон – келте болмайды» деген дана халқымыздың сөзін қаперіме ала отырып, өздеріңізбен бірге күрмеуі қиын мәселелерді бірге шешпекпін.
Мен үшін Абай облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер болу үлкен мәртебе және жауапкершілік!
Өйткені, депутаттың негізгі міндеті – тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту.
Біздің басты мақсатымыз – Әділетті Қазақстанды құру. Осы арқылы мен өзіме үлкен міндеттер қойдым. Сондықтан, маған сәттілік тілеп қойыңыздар”.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button