СемейТОП

Нұрбол Нұрсағатовтың ҚХР Тачен қаласына сапары туралы

11-12 қараша күндері Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов бастаған делегация мүшелері Қытай Халық Республикасының Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданы Тарбағатай аймағындағы Тачэн қаласына іс-сапарпен барды. Делегация құрамында Семей қаласы әкімдігінің қызметкерлерімен қатар, түрлі саладағы жеке кәсіпкерлер де бар.

Кездесу барысында Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов пен Тачэн қаласының мэрінің орынбасары Юй Чэнъи халықтар арасындағы өзара түсіністік пен достық байланыстарды нығайту, сондай-ақ екі қала арасындағы практикалық алмасу мен ынтымақтастықты дамыту мақсатында екіжақты келісімге қол қойды.

Тараптар өзара қарым-қатынасты нығайту, экономикалық және әлеуметтік салаларда тәжірибе алмасу, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Нұрбол Нұрсағатов өз сөзінде екі қала арасындағы әріптестік қатынастарды одан әрі дамыту маңыздылығын атап өтіп, ұсынылған бастамаларға жоғары баға берді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button