Абай облысыТОП

Қасқабұлақ ауылында пәтер кілттері табыс етілді

Абай ауданы Қасқабұлақ ауылында мемлекеттік тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтарға пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

«Нұрлы жер» республикалық бағдарламасы аясында 2020-2023 жылдар аралығында ауданда халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдеріне 138 пәтер берілді. Сонымен қатар, 2020 жылы бюджет қаражаты есебінен Қарауыл ауылындағы көпқабатты үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 16 пәтер тұрғын үй кезегіне сәйкес берілді. Барлығы 154 кілт табысталды.

Биыл Абай облысы әкімінің қолдауымен 9 ауылда әлеуметтік осал санатындағы отбасыларға арналған 70 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда.

Салтанатты шарада аудан әкімі Мейіржан Смағұлов тұрғындарды құттықтап, пәтер кілттерін табыс етті. Шара мерекелік концертпен жалғасты.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button