Біздің балалар еуропалық клубтар деңгейінде жаттығуға мүмкіндігі болуы керек»: Семейде футбол кешенінің таныстырылымы өтті
Семейде аймақтағы бұқаралық және кәсіби футболды дамытудың маңызды нысанына айналатын жабық футбол манежінің таныстырылымы өтті. Жаңа кешен қала мен облысымыздың мыңдаған баласына ауа райына қарамастан жыл бойы футбол ойнауға мүмкіндік береді.
Салтанатты шараға Абай облсының әкімі Нұрлан Ұранхаев, Freedom Holding Corp басшысы Тимур Турлов, «Елімай» ФК бас бапкері Андрей Карпович, отандық танымал футболшылар, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері және қала тұрғындары қатысты.
Кешеннің құрылысы Абай облысы әкімдігі мен Freedom Holding Corp компаниясы арасында қол қойылған меморандум аясында жүргізілуде. Осы келісім аясында спортты дамыту үшін жағдай жасауға, оның ішінде жаттығу, жарыстар мен бұқаралық іс-шаралар өткізуге арналған ашық футбол алаңын салуға ерекше көңіл бөлінген.
Шарада Freedom Holding Corp басшысы Тимур Турлов кешеннің балалар үшін футбол әлеміндегі үлкен мүмкіндік екенін атап өтті.
«Біздің балаларда еуропалық үздік клубтардағыдай жаттығу мүмкіндіктері болуы керек. Бұл кешен дайындық деңгейіне немесе әлеуметтік жағдайына қарамастан әрбір бала өзін үлкен спорттың бір бөлігі ретінде сезінуі үшін жасалған. Балалар біздің болашағымыз. Ал олардың келешегі жарқын болуы біздің қолымызда. Бұл кешен олардың спортшы ретінде қалыптасатын, білім алатын, жеңіске жетелейтін армандарын жүзеге асыратын орын болады», – деді Тимур Турлов.
Манеждің әкімшілік бөлігінде төрт киім ауыстыратын, жуынатын, асхана және ата-аналарға арналған арнайы бөлме болады. Кешенді сертификаттау жоспарланып отырғанын айта кеткен жөн. Бұл жоғары топтағы футболшы балалардың алаңда ресми матчтарды өткізуге мүмкіндік береді. Футбол алаңдарының өлшемдері УЕФА мен ФИФА стандарттарына сәйкес келетін 105-тен 66 метрге және 105-тен 68 метрге дейін алып жатыр. 2024 жылдың соңына дейін жабық манежді пайдалануға беру жоспарлануда.
Айта кету керек, нысанның бас мердігері – «Shanyrak.KZT» ЖШС.