Абайская областьТОП

Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аймақ тұрғындары жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік және денсаулық сақтау салаларына қатысты сұрақтарын қойды.

Қаламыздың Бобровка кентін сумен жабдықтауды қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта су құбыры желілерінің құрылысы жалғасуда. Құрылыс басында үш экскаватор және 20-ға жуық жұмысшы еңбектенуде. Жалпы жұмыс көлемінің 50% аяқталды.

«Біз жерлестеріміз тарапынан көтерілген әрбір мәселеге бей-жай қарамай, оларды барынша тиімді шешуге ұмтыламыз. Біздің басты міндетіміз — туындаған сұрақтарға жылдам және оң жауап беру. Жеке қабылдау нәтижесі бойынша әрбір сұраққа қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады. Барлық айтылған мәселелер менің жеке бақылауымда», – деп атап өтті өңір басшысы.

Кездесу соңында аудан әкімдері мен басқарма басшыларына барлық көтерілген мәселелерді бақылауға алу, оларды жедел қарау және шешім нұсқаларын ұсыну тапсырылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button