Семей қаласында дендрологиялық жоспар әзірленуде
Қазіргі таңда Семей қаласында ағаштардың түрлерін, жасын, жай-күйін және жалпы түгендеуін қамтитын дендралогиялық жоспар әзірленуде. Бұл жоспар қаладағы жасыл қорды тиімді басқаруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Семей қаласы әкімдігінің ғимаратында Семей қаласы әкімінің орынбасары Жәнібек Мұқатевтың төрағалығымен жұмыс тобының кеңесі өтті.
Дендрологиялық жоспарды әзірлеу үшін 2024 жылдың 3 қыркүйегінде “Горсвет” ЖШС және “ITS-PVL” ЖШС арасында «Е-Дендра» бағдарламасының зияткерлік меншік объектісіне лицензиялық шарт жасалды. Бұл бағдарлама қаланың жасыл қорын тиімді басқаруға арналған бірегей құрал болып табылады.
Сондай-ақ, зерттеу барысында әр ағаштың төлқұжаты жасалады, онда мыналар көрсетіледі:
1. Жасы.
2. Тұқым.
3. Өмірлік жағдай.
4. Орналасқан жері.
5. Реттік нөмірі.
Бұл жоспар, сонымен қатар, қалада ағаштардың ұзақ өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажет ақпараттық база құрады.
Семей қаласы — дендралогиялық жоспарды әзірлеген Қазақстандағы Астана, Алматы, Павлодар және Көкшетау қалаларынан кейінгі бесінші қала болып табылады.
Жалпы, бұл жоба қаланың экологиялық жағдайын жақсартып, жасыл аумақтардың тиімді басқарылуына ықпал етеді.