Абай облысы

Мақаншы ауданы бойынша шекара басқармасының мәдениет үйінде “Күз 2024” жас сарбаздардың патриоттық рухын оятуға арналған іс-шарасы өтті

2024 жылдың күзінде Мақаншы ауданында ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментіне қарасты Мақаншы ауданы бойынша шекара басқармасының мәдениет үйінде “Күз 2024” шақырылымының мерзімді әскери қызметшілерінің патриоттық сезімдерін және рухын оятуға арналған іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты – жастарға отанды қорғау мен оған деген сүйіспеншілікті түсіндіру.

Шараға РООВ “Застава Тарландары” Абай облысы бойынша филиалының мүшелері, ұзақ жылдар бойы Мақаншы ауданы бойынша шекара басқармасында қызмет еткен ардагерлер, сержант Нургалимов Ардақ Жұмабаевич және прапорщик Қалиев Қайрат Ожауханович қатысты. Олар өз кезіндегі қызметтері туралы естеліктерімен бөлісіп, жастарға отанды қорғаудың маңыздылығын жеткізді. Ардагерлердің тарихы жас сарбаздарға шабыт беріп, патриоттық сезімдерін оятуға септігін тигізді.

Шекарашы болу — бұл тек кәсіби міндеттерді орындау ғана емес, сонымен қатар отан алдындағы жауапкершілік. Шекарашылар елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, мемлекет шекарасын қорғауда, заңсыз әрекеттердің алдын алуда маңызды рөл атқарады. Шекарашы болу қиын, тәртіпті, жауапкершілікті талап ететін мамандық. Ол күн сайын жауын-шашынға, суыққа, ыстыққа қарамастан, тапсырмаларын орындауға, сигналдарды уақтылы түсініп, шекаралық бақылауды күшейткен талаптарға сай еңбек етуге талпынады. Шекарашының жұмысы дене дайындығын, шеберлікті, зейінділікті қажет етеді, сонымен қатар, елдің қауіпсіздігін сақтау үшін моральдық және этникалық принциптерге берік болу керек.

Шарада Мақаншы ауданы бойынша шекара басқармасының бастығының орынбасары, техникалық және кәсіби бөлім бастығы подполковник Муратов Талант Ерланұлы да сөз сөйлеп, жас сарбаздардың патриоттық рухын көтерді. Ол жастарға отан алдындағы борышын адал орындап, ел қорғаушысы болудың ережелерін түсіндірді.

Бұл іс-шара жастардың бойында патриоттық сезімді оятып қана қоймай, елімізге деген сүйіспеншілікті арттыруға ықпал етті. Осындай кездесулер жас ұрпақтың болашағына оң әсерін тигізеді, өз елінің нағыз патриоты болуға тәрбиелейді. Шекара қызметінде болудың маңызы мен мәртебесін жастарға жеткізудің арқасында, олар ел қорғаушысының киелі міндетін түсініп, оған адал болуға ұмтылады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button