Семей
Семейде кедергісіз қоғам құру жұмыстары жалғасуда
Семей қаласында мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз қоғам құру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық жиында, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Серік Жумадилов осы бағытта атқарылған шараларды баяндады.
2024 жылы 87 әлеуметтік инфрақұрылым нысанын бейімдеу жоспарланған болса, оның 74-і, яғни 85,1%-ы, қолжетімділік талаптарына сәйкес бейімделді. Сонымен қатар, 2025 жылға арналған бейімдеу жоспары әзірленіп, 2027 жылға дейін 369 нысан интерактивті қолжетімділік картасына енгізілді.
Жиында ТКШ бөлімінің басшысы Нұрлан Сергазинов арық-науа жүйесін тазалау жұмыстары туралы есеп беріп, әкім барлық жұмыстарды жеделдетуді тапсырды.