Абай облысыТОП

Абай облысы бойынша 512 алаяқтық фактілері тіркелген

Семей қаласы бойынша 404 алаяқтық фактілері тіркелген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында Абай облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы кибер қылмысқа қарсы күрес тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Мират Қабытаев баяндады.

– Бүгінде интернет – алаяқтық өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Азаматтар көбінесе танымал сайттар мен әлеуметтік желілердегі онлайн-сауда саласында алаяқтықтың құрбаны болып жатады. Сонымен қатар, алаяқтық онлайн-несие, банк карталары арқылы, инвестиция, құмар ойындар мен лотерея сынды бағыттарда көптеп жүзеге асырылады. Абай облысы бойынша жалпы 512 алаяқтық фактілері тіркеліп, 68 іс сотқа жолданды, – деп атап өтті полиция подполковнигі.

Спикердің айтуынша, алаяқтықтың тағы бір танымал тәсілі банк немесе полиция қызметкері атын жамылып қоңырау шалу. Мұндай жағдайда жеке деректеріңізді, құпия сөздеріңізді немесе қаржылық ақпараттарыңызды ешкімге жария етпеуіңізді ескертеді.

– Алаяқтар карта номері мен жеке хабарлама сынды күдікті операциялар туралы ақпарат сұрайды. Алынған мәліметтердің көмегімен интернет-банкингке қосылып, есепшоттағы ақшаны аударып алуы мүмкін. Сондай-ақ, «Анидеск», «Тимвивер» және «Растдеск» бағдарламаларын жүктеп алуды сұрауы да мүмкін. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін халықты ақпараттандырып, қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында жұмыстар жүргізудеміз, – деді Мират Қабытаев.

Полиция департаменті интернетте немесе жеке сатушылардан тауар сатып алу барысында және күдікті хабарламалардан сақ болуларыңызды хабарлайды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button