Абай облысының тұрғындары балаларын қандай ерекше есімдермен атаған
Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы тұрғындардың 2024 жылы балаларын қандай ерекше есімдермен атағанын хабарлады. Атап айтқанда, 9 ай ішінде Румайса есімді қыз және Ильдан есімді ұл бір рет қана тіркелген. Екі нәресте де әлі екі айға да толмаған.
Айта кетейік, 2024 жылдың 9 айында Абай облысында АХАТ бөлімі арқылы 4000-нан астам баланың туу туралы акт жазбасы тіркелген. Қыз балалар арасында ең танымал есімдер Томирис, Айлана, Аруна болса, ұлдар арасында Ханторе, Арсен және Айбар есімдері алдыңғы қатарға шықты. Айта кету керек, бұл есімдер биыл жаңа туған нәрестелерге 20-дан астам рет қойылған.
Еске сала кетсек, нәрестенің тууын тіркеуге өтініш берудің бірнеше жолы бар: ХҚКО арқылы, электрондық үкімет порталы арқылы, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы. Бұдан бөлек, азаматтар бұл қызметті проактивті форматта ала алады. Яғни, жаңа туған нәрестенің анасына тәулігіне 1414 нөмірінен қызметті көрсетуге қажетті ақпарат сұралған құттықтау SMS жіберіледі.
Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалының PR-менеджері