Республикалық референдум

Семейде жас жұбайлар референдумға дауыс беруге келді

Қол ұстасқан жас жұбайлар референдумға дауыс беру үшін Семей қаласының №44 орта мектепте орналасқан №42 сайлау учаскесіне келді.

Дарын Ермеков пен жұбайы Шырын Ермекова айтулы күні өз таңдауларын жасады.

-Бүгін біз маңызды таңдау жасап, өзіміздің ғана емес балаларымыздың да болашағы үшін дауыс бердік. Тойымыздың күнінде референдум болып, қуанышымыз толыса түсті және біз еліміздің алға қарай дамитынына сенімдіміз. Барлық тұрғындарды дауыс беруге, бізден үлгі алуға шақырамыз, – деді жас жұбайлар.

Олардың бір-біріне деген көзқарастары таңдауларының маңыздылығын көрсеткендей. Әркім өз таңдауын жасаған соң, сайлау жәшігіне бюллетеньдерін бірге салып, өз болашағын, ел өміріндегі болуы мүмкін өзгерістерді талқылап, сайлау учаскесінен жақсы көңіл-күймен шықты.

Еске сала кетейік, елімізде 12 миллионға жуық адам дауыс беруге құқылы.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button