Covid-19ТОПШҚО
ШҚО-да блок бекеттер жұмысы 19 маусымға дейін ұзартылды
Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы облысының шекарасындағы блок бекеттер жұмысы маусымның 19-ына дейін ұзартылды. Бұл туралы облыстың Бас санитарлық дәрігерінің кешегі қаулысында мәлім болды, деп хабарлайды Semey News Altaynews тілшісіне сілтеме жасап.

Сәуір айының басынан бері Алматы-Өскемен тас жолы мен Жалаңашкөл бағытындағы жолдарда санитарлық бекеттер қойылған болатын. Мақсат – қауіпті індеттің таралуын тежеу. Сырттан келген жүргізушілер мен жолаушыларда ПТР сынамасының теріс нәтижесі немесе вакциналау туралы құжат болуы тиіс. Бұлар болмаған жағдайда олардың дене қызуы өлшеніп, арнайы тіркеуге алынады.
Қазір Шығыс Қазақстан облысы жасыл аймақта екенін естеріңізге сала кетейік.
Semey News