Республикалық референдум

Семейде Ұлттық ұлан сарбаздары дауыс берді

Семейде Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5511 әскери бөлімінің барлық жеке құрамы таңертең алғашқылардың бірі болып дауыс беруге қатысты. Олар АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдумға аса үлкен жауапкершілікпен қарайды. Сарбаздар сайлауға алғаш рет қатысып отыр, өйткені олардың жасы 18-19-да.

Айта кетсек, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бойынша барлығы 6 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Оған мерзімді қызметтің әскери қызметшілері ғана емес, офицерлер мен сержанттар да қатысады.

ҰҰ”Шығыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button