Семей

Ардақты ұстаздар!

Ардақты ұстаздар!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Мағжан Жұмабаевтың «Алты Алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі» деген ұлағатты сөзі бар.Бұл – ұстазға көрсетілетін жоғары құрмет пен айрықшамәртебенің белгісі.

Бүгінде облыс орталығында 5870 ұстаз бар. Орта білім беретін мектептерде 4550, мектепке дейінгі ұйымдарда 1163, қосымша білім беру ұйымдарында 157 мұғалім білім көшін алға жетелеп келе жатыр.Соның ішінде, білім беру ісіне инновациялық технологияларды ендіріп, үнемі кәсіби шеберлік деңгейін көтеруде ізденіс жолында жүрген ұстаздарымыз жетерлік. Атап айтқанда, қаламыздағы 5870  мұғалімнің 42 пайызы жоғары және І, ІІ санаттарға ие болса, жаңа үлгідегі кәсіби біліктілік санатын алған ұстаздар 46 пайызды құрап отыр. Бірі облыстық, республикалық деңгейдегі кәсіби сайыстардан жүлделі орындардан көрінсе, енді бірінің шәкірттері түрлі байқау-жоба жарыстарынан жоғары көрсеткішке жетіп отыр.

Баршаңызға ұстаздық деген ұлы жолда аянбай еңбек етіп, қызметтік міндеттеріңізді мінсіз орындауда танытқан кәсіпқойлықтарыңыз үшін алғысымды білдіремін.

Шәкірттеріңіз жетістіктерімен қуанта берсін!

Құрметпен, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов

Осы айдарда

Back to top button