Абай облысыТОП

Абай ауданында мектеп түлегі 120 бас жылқы таратты

Абай ауданы Тоқтамыс ауылдық округінде О.Молдағалиев атындағы орта мектепті бітіргендеріне 40 жыл толуына орай түлектер жиыны өтті. Шара аясында ауылдың белсенді тұрғыны, кәсіпкер Ақан Әбділдин аз қамтылған 70 отбасына 120 бас жылқы тарту етіп, қайырымдылық жасады.

Игі шара барысында кәсіпкер демеушілігімен спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Мәселен, 10 шақырымдық жорға жарысында бас жүлдеге мотоцикл берілсе, 25 шақырымдық аламан бәйге жеңімпазы жеңіл көлікке ие болды.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен облыстық бюджет есебінен дәл осы Тоқтамыс ауылына кіреберіс 10 шақырымдық жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылы бұл ауылда жеке кәсіпкер Ұлан Ақылбекұлының бастамасымен «Толғанай» балабақшасы бой көтерген. Жаңа балабақша 50 орынға арналған. Қазір 8 қызметкер жұмыс істейді.

Сондай-ақ ауылға кіре берісте «Туған жерге тағзым» бағдарламасы аясында 2001 жылғы түлектер тарту еткен «Туған ауылым – Тоқтамыс» деген жазу бар. Наурыз айында облыстық бюджет есебінен 40 метрлік антенналық діңгек қондырғысы орнатылды. Бұл Beeline операторынан 4G интернет желісін іске қосуға мүмкіндік берді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button