ҚоғамТОПШҚО

ШҚО полициясы автобустарды тексеріп жатыр

Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері қоғамдық көліктерді тексеріп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Тәртіп сақшылары кеше «Автобус» жедел-алдын алу шарасын бастап кетті. Енді 11 маусымға автобустардың техникалық жағдайын, тіркеу құжаттарының түгелдігін тексереді. Сондай-ақ жүргізушілердің медициналық тексеруден өтуін, еңбек режимін сақтауын қадағалайды.

– Шараның мақсаты – жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу, – деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Ведомство басшысы Сағат Мәдиевтің айтуынша, жыл басынан бері жолаушылар көлігі 14 жол апатына тап болған. Бір адам қаза тауып, 13 адам жарақат алған.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button