Абай облысы

Абай облысында үздік есептоп анықталды

Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерінің «Үздік радиолокациялық станциясының есептобы» байқауы өтті. Есептоптардың жарысы Абай гарнизоны, Приречное ауылындағы 31767 «Б» әскери бөлімінде өткізілді.

Атаулы шараға бақ сынап және үздік есептопты анықтау  үшін әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері бригадаларының жоғарғы нәтиже көрсетіп жүрген әскери қызметшілері қатысты. Есептоп құрамалары Алматы, Қарағанды, Түркістан, Ақмола және Абай облыстарынан келген.

Байқау барысында әскери қызметшілер алдымен қауіпсіздік шаралары бойынша сынақ тапсырып, содан кейін тәжірибе жүзінде радиолокациялық П-18М станциясын орналастыруға кірісті. Жарысты ұйымдастырушылардың  айтуынша есептоп құрамындағы әрбір әскери қызметшінің уақытылы өзіне жүктелген міндеттерді орындап, топ біртұтас организм ретінде қимылдап, ұжымдаса атқарған жұмыстары ғана жеңіске жеткізеді. Радиолокациялық станцияны орналыстырғаннан кейін оны қайта жинап, есептоп құрамында белгіленген аймаққа шеру жасап қайтты.

Байқаудың нәтижесі бойынша Қарулы күштердің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерінің «Үздік радиолокациялық станциясының есептобы» болып Аягөз гарнизонының 97616 әскери бөлімінің есептобы анықталды.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

 

Осы айдарда

Back to top button