Бесқарағайда баспана кілті табыс етілді
«Қуатты аймақтар – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Бесқарағай ауылының 6 тұрғыны жаңа қонысқа ие болды. Салтанатты шараға аудан әкімі Талғат Мұратов қатысып, үй иелерін жаңа қоныстарымен құттықтады.
«Әлеуметтік жағдайға байланысты баспанаға мұқтаж кезекті жерлестеріміздің қуанышына ортақтасып отырмыз. Бұл шаңырақ сіздерге тек құт әкелсін! Мемлекетіміз көпбалалы отбасылар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалғандарды назардан тыс қалдырмайды. Бүгін солардың бір тобына кезек бойынша пәтер кілттерін табыстап отырмыз», – деді аудан әкімі.
Алдағы Республика күні мерекесі қарсаңында аудан көлемінде тағы 50-ге жуық отбасы жаңа баспанаға ие болмақ.
Жалпы Бесқарағай ауданында соңғы 3 жылда көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал тобы өкілдеріне 200-ден астам пәтер берілген.