Абай облысыТОП

Аягөзде жаңартылған стадион пайдалануға берілді

«ALAÑ» жобасы аясында Аягөзде жаңартылған Орталық стадионның ашылу салтанаты өтті. Шараға Абай облысы әкімінің орынбасары Әділбек Мұсабаев, Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов және футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов, жоба серіктесі қатысты.

«Бұл стадион спорттық инфрақұрылымның дамуының керемет үлгісі ғана емес жас футболшыларға жасалған тосын сый. Стадионның қайта жаңғыртылуы Аягөз қаласының дамуындағы үлкен қадам. Бұл алаң біздің спортшыларымыздың жаңа жетістіктерінің бастауы болатынына үміттіміз», — деді Абай облысы әкімінің орынбасары Әділбек Мұсабаев.

Шара барысында Аягөз бен Семей қалалары командаларының жас тәрбиеленушілері арасында жолдастық ойын өтті. Атап өтерлігі жаңа футбол алаңында Аягөз спорт мектебінің 300-ден астам жас футболшылары жаттыға алады.

Стадионның ашылу сәтінде жоба амбассадоры, ұлттық құрама бас бапкері Станислав Черчесов балаларға ашық жаттығу өткізді.

«ALAŇ» жобасын Қазақстан футбол федерациясы 2023 жылдан бері жүзеге асырып келеді. 3 жылға жоспарланған жоба УЕФА-ның қолдауымен өтуде. Мақсаты — еліміздегі футбол алаңдарын жаңарту және бұқаралық спортты дамыту.

Анықтама үшін: 2023-2025 жылдарға арналған жоба аясында республикамыздағы 20 футбол алаңы жөндеуден өтеді деп көзделуде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button