ОқиғаТОПШҚО

Өскеменде құтқарушылар өз-өзіне қол жұмсамақ болған әйел адамды құтқарып қалды

Таңертең ерте 101 нөміріне үшінші қабат терезесінде әйел адам тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Semey News.

Құтқарушылар жедел түрде оқиға орнына келді, балконда әйел адам соңғы күшімен ілініп тұр. Ойлануға уақыт болмады, ШҚО ТЖД арнайы жасағының қызметкері Шыңғыс Смағұлов 4 қабаттан арқан арқылы түсіп, соңғы минуттарда әйел адамды ұстап қалды. Абайлап жерге түсірді. Шыңғыстың әрекетін құтқарушылар және полиция қызметкерлері астына кенеп мата созып  сақтандырды.

1981 жылғы азаматша жедел жәрдемде медициналық қаралуда. Қазіргі уақытта өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button