Абай облысыТОП

Үржар ауданында ауыл шаруашылығы даму үстінде

Соңғы екі жылда жергілікті фермерлер заманауи 416 бірлік ауылшаруашылық техникасын сатып алды. Бұл 180 шаруа қожалығына өнімділікті арттыруға және жерді өңдеу сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.

Ауданның негізгі міндеттерінің бірі – су тапшылығы мәселесін шешу. Ол үшін ауыл шаруашылығы құрылымдары су үнемдеу технологияларын енгізуде. 2024 жылы мұндай технологиялар 1230 га аумақта қолданылды.

Мысалы, «Мұхит-Агро» ЖШС 183 га қытай бұршағы мен 777 га жүгері өсіру үшін жаңбырлатып суғару әдісін қолданды. «Болашақ» шаруа қожалығы 30 га бидай мен 20 га көпжылдық шөп өсіруге осы технологияны пайдаланды. Ал «Алғабас» шаруа қожалығы 220 га жүгеріге тамшылатып суғаруды қолданды.

«East Agro Co» ЖШС биыл өзінің егістік алқаптарына «Valley» маркалы 17 заманауи жаңбырлату қондырғысын орнатты.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button