Абай облысыТОП

Курчатов қаласындағы жылу қазандықтарына жөндеу жұмыстары жүргізілді

Биылғы жылдың жылыту маусымында Курчатов қаласында отынға (көмірге) қажеттілік 17,9 мың тоннаны құрады. Бұл туралы Курчатов қаласында өткен баспасөз турында Курчатов қаласы әкімдігінің «Курчатов көп салалы эксплуатациялық кәсіпорыны» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны директорының міндетін атқарушы Айдын Нұрланов баяндады. Баспасөз туры барысында Курчатов қаласындағы 4 жылу электр станцияларының жұмыс барысы таныстырылды.

– Мұндағы қазандықтар 79 тұрғын үйді, 24 бюджеттік ұйымды және 108 заңды тұлғаны жылу энергиясымен қамтамасыз етеді. Кезең ішінде көмірді ақшалай түрде тұтыну 115 222,07 мың теңгені құрады, 2023-2024 жылғы жылыту маусымында отынға (көмірге) қажеттілік 17,9 мың тоннаны құрады. Бөлінген қаражаттың арқасында жылыту маусымы сәтті басталып, апатсыз, штаттық режимде аяқталды, – деп атап өтті бөлім басшысы.

Сонымен қатар, Қалада 20 қазандық орнатылған, оның ішінде 4 көмір қазандығы жұмыс істейді

– Жылыту маусымына дайындық жұмыстары 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына дайындық бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілуде. Сондай-ақ, қала бойынша жылу желілеріне тексеріс жүргізілді. Тексеріс нәтижесінде жылу камераларының люктерін ауыстыру, оларды қоқыстан тазарту, бекіту арматурасын ауыстыру сынды жөндеу жұмыстары жүргізілді, – деді спикер.

Ағымдағы жылы ТК-81-ден ТК-81а-ға дейін, ТК-14-тен Абай көшесі 21-ге дейін жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button