
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Талғат Советбекұлы Донақов Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымынан босатылды”, – делінген Ақорда хабарламасында.
Талғат Донақов 1991-1992 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Философия және құқық, мемлекет және құқық институтының ғылыми хатшысы болып жұмыс істеді. 1992-1994 жылдары Қазақстан Жоғарғы Кеңесі аппаратында төрағаның кеңесшісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары болды. 1994 жылдан 2000 жылға дейін Президент Әкімшілігінің Заңнама және құқықтық сараптама, сот жүйесі, мемлекеттік-құқық бөлімі мәселелері бойынша консультант, сектор меңгерушісі, меңгерушінің орынбасары, меңгерушінің бірінші орынбасары, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2000-2002 жылдары Әділет министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2002 жылдан 2004 жылға дейін Президент Әкімшілігінің мемлекеттік құқық бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. 2004-2008 жылдары Президент Әкімшілігінің Заңнама және құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2008 жылғы ақпан-қазан аралығында Президент Әкімшілігінің мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.
2008-2015 жылдары Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2015-2016 жылдары мемлекеттік қызмет істері министрі болды.
2016-2018 жылдары Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2018 жылғы сәуірден бастап Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді.
Жоғары Сот Кеңесінің жаңа төрағасы Денис Шипп болып тағайындалды.
Semey News