Абай облысыҚоғамТОП

Ақсуат ауданында жылу беру маусымына дайындық жүріп жатыр

Жылумен қамтамасыз ету үшін 29 125 тонна қатты отын қажет, оның 25 403 тоннасы аудан тұрғындарына, 31 721 тоннасы денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, қызмет көрсету мекемелерін қоса алғанда бюджеттік саланың 31 нысанына арналған. Сондай-ақ ауданда 20 нысан электр арқылы жылытылады.

Денсаулық сақтау саласында 22 нысан, оның ішінде бір аурухана жылу қазандығымен жылытылады. 17 ауылдық дәрігерлік амбулатория мен фельдшерлік пункт автономды пештерді пайдаланса, 4 нысан электрмен жылытуға қосылған.

Аудан қажеттілігі үшін 1325 тонна қатты отынды тоннасына 25 500 теңге бағамен мемлекеттік сатып алу жүргізілуде. Жеткізу қыркүйек пен қараша айлары аралығында жоспарлануда.

Білім беру саласында қазір «GruzGarant» ЖШС-мен келісім-шарт жасалған. Қатты отынды жеткізу 16 тамыз бен 30 қазан аралығына көзделген.

9 ауылдық округтің тұрғындарына 25 403 тонна отын жеткізіледі, бұл 39 жеке кәсіпкердің күшімен қамтамасыз етіледі. Отын Қаражыра, Зайсан және Кендірлік кен орындарынан, сондай-ақ Аягөз қаласынан тасымалданады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button