Семейде «Отбасы – үлкен бақыт» атты дөңгелек үстел өтті
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде Семей қаласының Достық үйінде «Отбасы – үлкен бақыт» атты дөңгелек үстел өтті. Кездесу барысында отбасын құру және оны сақтау, рухани құндылықтарды және дәстүрді дәріптеу мәселелері қаралды, деп хабарлайды Semey News.

Іс-шараға қалалық мәслихаттың депутаты Камилия Исмаилова, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, сондай-ақ «Отбасы орталығы», «Семей қаласының казактары», «Қазақ әлеуметтік-мәдени орталығы» этномәдени және қоғамдық бірлестіктерінің, білім, денсаулық сақтау және құқық қорғау саласының өкілдері қатысты. Спикерлердің негізгі тақырыптары – бұл дәстүрлер мен руханилықты қалыптастыру ғана емес, жастарды тәрбиелеу, отбасы құрылымы туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру, ана болуға жауапты дайындау.
- Патриотизм, жауапкершілік, Отанына деген құрмет көрсету отбасынан басталады. Осыдан тәрбие басталады, – деді іс-шараны ашуда қалалық Достық үйінің жетекшісі Надежда Шарова. – Бүгінгі дөңгелек үстел басында әрқайсымыз өте маңызды әлеуметтік тақырып – отбасы институтының беделін нығайтуда атқарылған жұмыстармен бөлісетін боламыз.
Бірінші кезекте, отбасының негізгі құндылығы – бұл ең жақын және ең қымбат адамдар арасындағы рухани бірлік, түсіністікке жету.
- Отбасы – бұл әр адам үшін өмірдің негізгі бөлігі, – деді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Александр Губанов. – Мәдениеттің және отбасына деген көзқарастың дұрыс өлшемдерін бойларына сіңіре отырып жас ұрпақты тәрбиелеу маңызды.
Еліміздегі этникааралық төзімдікті және конфессияаралық келісімді қалыптастыруда отбасы басты рөл атқаратыны құпия емес. Мемлекеттің негізі – берік отбасы екенін есте сақтау қажет.
Semey News