Денсаулық сақтауТОПШҚО

ШҚО-дағы медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдарда 5 мыңнан астам бұзушылықты анықтады

Медициналық мекемелердің мониторингінің қорытындысы туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ ШҚО бойынша филиалының директоры Ғалымжан Әбілов айтып берді, деп хабарлайды Semey News.

Өткен баспасөз конференциясында Ғалымжан Әбілов медициналық қызметтердің сапасына мән бере отырып, қор пациенттердің қолжетімді медициналық көмекке құқықтарының бұзылуын анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Әсер ету тетіктерінің бірі халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін сараптау және мониторингтеу болып табылады. Жыл басынан бері қор сарапшылары 13 мың ақауды анықтады. Айыппұл сомасы 173 млн теңгені құрады. Сонымен қатар, биылдан бастап қор медициналық қызметтерді жеткізушілер тарапынан бұзушылықтардың алдын алу үшін мониторингтің жаңа түрін – проактивті енгізді. Енді емхананың ақауы анықталған жағдайда қорытындыға қол қойылған күннен бастап 45 күнтізбелік күн ішінде анықталған ақаулар мен орындалмаған міндеттемелерді жою қажет. Көрсетілген мерзімде ақаулар жойылмаған жағдайда қаржылық жазалау шаралары қолданылады. Ғалымжан Әбіловтың айтуынша, жаңа енгізілім медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға және жеткізушілермен сенімді қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.

Жалпы, осы жылдың бірінші тоқсанында 31 медициналық ұйымда проактивті мониторинг жүргізілді. Бес мыңнан астам ықтимал ақаулар анықталды. Сарапшылардың негізгі ескертулері ақпараттық жүйелерде құжаттаманың дұрыс жүргізілмеуі, диагностика мен емдеу стандарттарынан ауытқу, медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасына тікелей әсер ететін кадрлардың жинақталмауы және медициналық техниканың толық жабдықталмауы болды. Бұл ретте бұзушылықтар арасында іс жүзінде көрсетілмеген қызметтердің 67 жағдайы, яғни қосып жазу бар.

– Бірінші тәжірибе медициналық ұйымдар жағдайды түзетуге және одан әрі ақаулардың алдын алуға мүдделі екенін көрсетті. Кемшіліктерді жасырудың “қатал” практикасы еңсерілді. Бұл ақаулардың себептерін талдауға, анықтауға және жағдайды жоспарлы түрде түзетуге мүмкіндік бермеді. Біздің сарапшылар медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін жақсарту үшін үнемі жұмыс істейді. Сайып келгенде, пациенттердің құқықтары сақталуы үшін бәрі жасалуда, – деді Ғалымжан Әбілов.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button