Абай облысыТОП

Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Абай облысы әкімдігінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті. Облыс тұрғындары аймақ басшысына жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, тұрғын үй инспекциясының жұмысы, шағын және орта бизнесті қолдауға қатысты сұрақтарын қойды.

Қабылдау барысында аула аумақтарын абаттандыру тақырыбына ерекше назар аударылды. Семейде 2024 жылы 50-ден астам аула абаттандырылған, бірақ айтарлықтай бөлігі күрделі жөндеуді қажет етеді. Абаттандыру бағдарламасына жаңа аулаларды енгізу туралы мәселе 2025 жылға арналған бюджетті нақтылау кезінде қаралатын болады.

«Біз әрбір өтініштің маңыздылығын түсінеміз әрі мәселенің мүмкіндігінше тиімді шешілуін қамтамасыз етуге тырысамыз. Біздің басты міндетіміз – барлық туындаған мәселелерді тез және тиімді шешу. Барлық мәселелер менің жеке бақылауымда», – деді облыс әкімі.

Жеке қабылдау қорытындысы аймақ басшысы жауапты тұлғаларға тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарды бақылауға алып, оларды шешу жолдарын ұсынуға қатысты тапсырмалар жүктеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button