Абай облысыОқиғаТОП

“Омбы-Майқапшағай” тас жолында төрт көлік соқтығысты, зардап шеккендер жоқ

2024 жылғы 5 қыркүйекте сағат 22:20 шамасында 43 жастағы жүргізуші “Омбы-Майқапшағай” автожолының 679 шақырымында “ГАЗель” көлік құралын басқара отырып, жылдамдық режимі мен қашықтықты сақтамай, алдындағы “МТЗ-80” көлік құралымен соқтығысқан, ол сәйкесінше қарсы келе жатқан “Foton” және “ГАЗель” маркалы көлік құралдарымен бүйірлік соқтығысуға жол береді.

Соқтығыс орын алғаннан кейін “МТЗ-80” көлік құралы жолға құлағанына қарамастан, зардап шеккендер болған жоқ.

“ГАЗель” көлік құралының жүргізушісі көлік құралдарының жүргізушілерінің көлік құралдарына зақым келтіруге әкеп соққан Жол жүрісі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл бұзушылық жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе алты айға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

Құрметті жүргізушілер, жолда  қырағы болыңыздар, жол қозғалысы ережелерінің барлық талаптарын орындаңыздар.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button