Абай облысыТОП

Абай облысында 10-ға жуық «қос азаматтық» анықталды

Абай облысы ПД Көші-қон кызметі облыс аумағында қос азаматтығы бар адамдарды анықтау бойынша күнделікті жұмысты жалғастыруда.
Басқа елдің азаматтыгына кірмес бұрын ҚР азаматы қазақстандық азаматтықтан бас тартуы қажет екені туралы атап еткен жөн.

Ол үшін З0 күн мерзім ішінде ішкі істер органдарын өзге мемлекеттін азаматтығын алу жоспарланғаны туралы хабарлап, сондай-ақ ҚР паспорты мен жеке куәлігін тапсыруы қажет.

Окінішке орай, Абай облысының кейбір тұргындары бұл рәсімді елемейді, сондықтан қос азаматтық фактілерінін есуі байқалады.

Ағымдағы жылдың 8 айында Абай облысы ПД Көші-қон қызметінін қызметкерлері 10-ға жуық қос азаматтықпен жүргендерді анықтаған.
Қос азаматтықтын бірнеше себептері бар: төтенше жағдайлар туындаған жағдайда шұғыл эмиграция мүмкіндігі, материалдық көмектер алу, атап айтқанда зейнетақы есебі, балалар туылтан кездегі жәрдемақы, жоғары оқу орындарына түсу кезінде женілдік жағдайлары болып табылады.

Мысалы, ағымдағы жылдың тамыз айында Бородулиха ауданыдық ПБ-нің көші- қон қызметінің қызметкерлері Бородулиха ауданында 54 жастағы тұрғынын анықтаған, ол 2024 жылдың маусым айында Ресей Федерациясының азаматтығын алған, алайда ол туралы хабарламаған және сәйкесінше Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды уақытылы ресімдемеген.

Сот шешімі бойынша құқық бұзушы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс шығару түрінде ҚР ӘҚбК-нің 496-бабы 2 бөлігі бойынша әкімшілік жазаға тартылды. Құқық бұзушыдан Қазақстан Республикасы азаматының паспорты тәркіленіп, Қазақстан азаматтығынан айрылуы рәсімделді.

Абай облысы ПД Көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейтінін еске салады және көші-қон заңнамасын сақтауды сұрайды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button