Абай облысыТОП

Баспана алуға арналған жаңа бағдарлама жүзеге асырылмақ

«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» тақырыбында көшпелі баспасөз конференциясы өтті. “Отбасы банк” АҚ Абай облыстық филиалында ұйымдастырылған конференцияда берілетін тұрғын үйлер және бағдарлама шарттары айтылды. Сондай –ақ, Отбасы банкінің Абай облыстық филиалының бизнесті дамыту бөлімінің маманы Арман Абишев бағдарламаға өтініштерді қабылдау 5 қыркүйектен бастап жүзеге асатынын жеткізді.

– Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде: жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын-ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарын беру арқылы кредиттік тұрғын үйді сатуға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар, жылдық 5%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарын беру арқылы кредиттік тұрғын үйді сату бағытына қатысуға болатын өтініштерді қабылдайтынын хабарлаймыз, – деді спикер.

“Жылдық мөлшері 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарын беру арқылы кредиттік тұрғын үйді сату” бағыты шеңберінде тұрғын үйді бөлу кезінде 2% бойынша қарыздар саны төмендегі санаттар арасында тепе-тең бөлінеді. Атап айтар болсақ: I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар; мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар; көпбалалы отбасылар; жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға негізгі басымдық берілмек.

– Бағдарлама шарттары: Заем мөлшерлемесі – жылдық 2% (ЖТСМ 2,0% бастап 2,1% дейін) және несие мөлшерлемесі – 5%-ға дейін болады. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 5,2% бастап 5,8% дейінге қарастырылған. Бастапқы жарна – үй құнының 10%-нан басталса, заем мерзімі 20 жылға дейін беріледі. Тағы бір ескеретін дүние: Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында қарыз сомасының кемінде 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған кезде мүмкін болады, – деп қорытындылады Арман Абишев.

Қатысуға арналған өтініш қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 05 қыркүйектен сағ. 10.00-ден бастап, 2024 жылдың 11 қыркүйек Астана қ. уақытымен сағ. 23.00-ге дейін болмақ. Өтініш беру Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында жүзеге асырылады. Және де өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады. Тұрғындарға қосымша ақпарат: берілген өтініштерді тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button