ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 маусымда 01 сағат 05 минутта “Солнечная долина” саяжай массивіндегі үйлердің бірі өртенген. Моншамен біріктірілген шатыр бөлігі, есік және терезе бөліктері, жиһаздары, техникалары және жеке заттары өртенген. Өрт сөндірушілер 70 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді, 27 литрлік газ баллон шығарылды.
Қрттің шығу себебі – отқа ұқыпсыз қарау. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 10 адам және 4 бірліктегі техника жұмылдырылды.
Semey News