Абай облысыТОП

Су тасқынына дайындық 2025: Абай облысындағы жағалауларды нығайту

Абай облысында 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында жағалауды нығайту және арнаны тазалау жұмыстары жоспарланған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Айнұр Ақмырза мәлімдеді.

Жұмыстар Көкпекті ауданындағы үш учаскеде: Талменка (Үкілікыз учаскесі), Тентек (Мелитополь учаскесі) және Көкпекті (Кленжыр учаскесі) өзендерінде жүргізілетін болады. Атқарылатын жұмыстар күзгі маусымға жоспарланған.

– Бүгінгі күні су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде. Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 ақпандағы №39 қаулысымен берілетін жер учаскелерінің жармаларында 164 су объектісінде су қорғау аймағы мен белдеуі орнатылған, — деп атап өтті Айнұр Ақмырза.

2023 жылы Шүлбі ГЭС-тен Павлодар облысымен шекарасына дейінгі Ертіс өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі белгіленді. Бұл іс-шара халықаралық маңызы бар су объектісін сақтауға, сондай-ақ су объектісінен 500 метр шегінде жер учаскелерін ресімдеу кезінде әкімшілік кедергілерді азайтуға мүмкіндік береді.

 – Ағымдағы жылы бұл жұмыстар Балқаш-Алакөл бассейнінің (Алакөл көлдер жүйесі – Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл), Жарма және Бородулиха аудандарының су объектілері бойынша жалғасады. Іс -шараларды орындауға “Диарус” ЖШС-мен 51,2 млн теңгеге шарт жасалды, – деп түйіндеді басқарма басшысы.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button