Семей

Қадірлі жерлестер!

Азаттығымызды айқындап, озат елдер қатарына ұмтылуға негіз болған Ата Заңымыздың мерекесі баршамызға құтты, берекелі болсын!

Конституция – егемендіктің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдің айнымас бағдары, кемел келешек кепілі!
Оның базалық принциптері – ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ, САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ, ПАТРИОТИЗМ, ДЕМОКРАТИЯ.

Ел Президенті – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кемел басшылығымен, саяси сабақтастықтың арқасында бірлігі жарасқан, көпұлтты халқымыз Ата Заңды басшылыққа алып, тәуелсіздікті одан әрі нығайту жолында ғасырлық мәні бар ауқымды істер атқарып, алынбас асуданалаңсыз өтіп келеді.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі, бірлігіміз бекем болғай! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов

Осы айдарда

Back to top button