СемейТОП

Семейлік кинологтар үздік деп танылды

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының кинологтары арасында көпсайыс өтті. 6 кезеңнен тұратын сайысқа 7 әскери бөлімнің ең мықты кинолог-мамандары қызметтік іздестіру иттерімен қатысып, өзара үздіктерді анықтады. Өскемен, Семей, Павлодар, Курчатов қалаларынан келген сайысқа қатысушылар көптеген сынақтардан өтті. Сайыс талаптары бойынша кинолог итімен спорт залда, автокөлік пен жүк көліктерінде жасырынған есірткі, қару, жарылғыш заттарды сайыс ережесіне сай дәл табуы тиіс.Дәстүрге айналған дода бұл жолы Өскемендегі түзеу мекемелерін күзететін 6699 әскери бөлімі аумағында өтті.

– Кинолог мамандардың кәсіби шеберліктерін, иттердің дайындығын, анықтау үшін жыл сайын өткізіледі. Жыл сайын біз әр облысты таңдаймыз. Мысалы бүгін Өскемен қаласында 6699 әскери бөлімінің базасында өткізіп жатырмыз. Жарыс бес күн болады. Онда адамды тінту есірткі заттарды іздеу жарылғыш заттарды іздеу және жеке кинологтың дайындығы тексеріледі- дейді Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының кинология қызметінің бастығы Алтынсары Ажыбаев. Қызметтік иттер кинологтардың әріптесі ғана емес өмірлік серігіне айналған.

– Айза деген итімді кішкентай күшік кезінен асырағанмын. Былтыр 2023 те әскерге алып келдік.Бұл ит із кесуші.Іздестіру бойынша қызметтік иттер арасындағы ең үздігі. Осы жолы жарысқа келіп отырмын. Енді көреміз бұйырғанын,-дейді Курчатов қаласынан келген 3514 әскери бөлімінің кинологы Мәулен Қайырбеков.

Ал 3477 әскери келген Мерхат Қасымхановтың «Шара» есімді қызметтік иті жарылғыш заттарды іздеуге машықтанған. Ол осыған дейін бірқатар сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып үлгерген.

-Жарылғыш заттарды ізбеу бойынша жаңа 27 ережені орындап шықтық. Итіме өте ризамын. Жақсы көрсеткіштер көрсетті. Бұл итпен жаттыққалы төрт жыл болды. Төрт жыл ішінде екі жүлделі орыным бар. Бірінші ол Курчатов қаласында осы жарылғыш заттарды іздеу бойынша, екінші былтыр Павлодар қаласында екінші орынды иелендім, -дейді Өскемендегі мемлекеттік маңызды нысандарды күзететін 3477 әскери бөлімінің кинология қызметі мамандар тобының бөлініс бастығы Мерхат Қасымханов.

5 күндік сайыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Семейлік 5511 әскери бөлімінің кинолог мамандары бірінші орынды иеленсе, екінші орынды Курчатов қаласынан келген 3514 әскери бөлімінің кинологтары, ал Өскемендік 5518 әскери бөлімінің кинологтары үшінші орынды жеңіп алды.

Бағдат Амангелді, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі бастығы

Осы айдарда

Back to top button