Абай облысыТОП

Бесқарағай ауданында әлеуметтік нысандардың құрылысы жүріп жатыр

Бесқарағай ауданында әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Мақсат – жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту және олардың күнделікті өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау.

Бесқарағай ауылында «Жайлы мектеп» республикалық жобасы аясында жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. 300 оқушыға есептелген жаңа мектеп екі қабатты, әрі заманауи техникамен жабдықталмақ.

Сонымен қатар ауданда 11 медициналық нысанның құрылысы басталды. Оның алтауы фельдшерлік пункт, төртеуі дәрігерлік амбулатория, біреуі фельдшерлік-акушерлік пункт. Сондай-ақ, бағдарламада жұмыс істеп тұрған медициналық мекемелерді жаңарту қарастырылған.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатқан тағы бір маңызды нысан – үш жолақты бассейн. Қазір жертөле блоктарын монтаждау аяқталып, гидроизоляция жұмысы жасалып жатыр.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button