Абай облысыДенсаулық сақтау

Алдын алу және вакцинациялау облыста қауіпті инфекциялардың таралуын болдырмауға көмектеседі

Қадағалау және дер кезінде жүргізілген алдын алу шараларының арқасында облыста тырысқақ, оба, туляремия, сібір жарасы, пастереллез, лептоспироз, листериоз, құтыру және басқа да өмірге қауіпті аурулар тіркелмеген.

Бұл туралы Абай облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тоқтабаева өңірлік коммуникациялар қызметі баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда облыста 12 нозология аурушаңдығы төмендеген. Коронавирус – 68,5 есеге, туберкулез – 13,4%-ға, сальмонеллез – 2,1 есеге төмендеді. Алайда, профилактикалық шараларға қарамастан, биылғы жылы 17 нозология, оның ішінде қызылша, көкжөтел, скарлатина, жіті ішек инфекциялары 92,5 есеге өскенін атап өтті спикер.

Сондай-ақ, Айгүл Тоқтабаева қоғамда екпе алмаған азаматтар көбейсе, ұжымдық иммунитет сөзсіз төмендейтінін баса айтты. Соның салдарынан қоршаған ортада қызылша, көкжөтел сияқты қауіпті инфекцияларды тудыратын қоздырғыштардың саны артып келеді.

– Ағымдағы жылдың жарты жылдығында Абай облысында көкжөтелге қарсы екпе алмаған 9 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтелдің 19 жағдайы тіркелді (облыстың 2 аумағында, Семей қаласында – 16 және 3-еуі Аягөз ауданында). 2023 жылдың осы кезеңінде көкжөтел тіркелген жоқ. Алты айдың қорытындысы бойынша қызылша ауруы бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай байқалып, қызылшамен ауырған 738 расталған жағдай тіркелді, – деп атап өтті маман.

Облыста қызылшаға қарсы екпе алуды қажет ететін 13 071 бала мен жасөспірім анықталды. Оның ішінде 7012 бала екпе алды. Жалпы облыста соңғы жарты жылда профилактикалық екпелерді оңтайлы қамтуға қол жеткізілді.

https://t.me/rsk_abay

Осы айдарда

Back to top button