Абайская областьСпортТОП

Жерлесіміз Ерсін Сейтказинов Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бақ сынайды

Жерлесіміз Ерсін Сейтказинов Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бақ сынайды

Елордада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының өтуіне аз уақыт қалды. Дайындық барысы туралы қазақ күресінен ұлттық құрама мүшесі Ерсін Сейтказинов айтып берді.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында
2018 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы, Абай облысы Мақаншы ауданы, Қабанбай ауылының тумасы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ерсін Сейтказинов өнер көрсетеді. Спортшының қазіргі жеке бапкері Думан Қыздарбеков.

– Қазақша күреспен 12 жасымнан бастап айналысып келемін. Бұл ерекше спорт, өйткені ол үлкен күшті, шыдамдылықты, төзімділікті қажет етеді. Қазір V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындықтан өтіп жатырмыз, іріктеуден өттік, ойынға қатысушылар құрамына кірдік. Өзімізді жоғары деңгейде көрсетеміз деп ойлаймын», – деді спортшы.

Спортшының айтуынша, осы уақытқа дейін 5 оқу жаттығу жиындары өткізілген. Қазір спортшылар Шучинск қаласында дайындықта жүр. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық ақпан айынан басталған.

– Жаттығулар өте қарқынды жүріп жатыр, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына аз қалды. Сондықтан біз қазір жаттығуды күшейтіп, қосымша жаңа әдістерді де үйренудеміз. Бүгінгі таңда бес оқу-жаттығу кезеңін өткердік, алда тағы бір жаттығу қалды – деп атап өтті Ерсін Сейтказинов.

Сонымен қатар спортшы жеңіс үшін бар күшін салатынын және жеңіске жетіп жатса, жеңісін халқына, еліне арнайтындығын айтты.

Абай облысынан спорттың осы түрі бойынша оқу жаттығу жиындарында бір-біріне көмектесу мақсатында толық құрамадан 40-қа жуық спортшы жүр.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button