Абай облысыТОП

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың Абай күнімен құттықтауы

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды Абай күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Хакім Абай –  халқымыздың ортақ мақтанышына айналған ұлы перзенті, ұлт руханиятының темірқазығы.

Ұлы ойшылдың ғибратты ғұмыры мен құнды мұраларын жас ұрпаққа дәріптеудің тағылымы мол. Себебі, хакімнің өлеңдері мен қарасөздері, өнегесі мен өсиеті – ұлттық тәлім-тәрбиенің қайнар көзі.

Мемлекет басшысы өз сөзінде «Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі – кемелдіктің көрінісі» деген еді.
Абай айтқандай, «ақырын жүріп, анық басып», «Толық адамға» тән асыл қасиеттерді бойымызға сіңірсек келешегіміз кемел, болашағымыз баянды болары хақ.

Ұлы тұлғаның ақыл-ойы мен даналығы бойымызға адамгершілік пен ұлттық рух беріп, асқақ мұраттарға жетелей берсін.

Құрметпен, Абай облысының әкімі Н. Ұранхаев

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button