Абай облысыТОП
Жаңасемей ауданында су құбыры желілерінің құрылысы басталды
Жаңасемей ауданына қарасты Шаған кентінде су желілері мен су қабылдау құрылғысының құрылысы жүріп жатыр. Бас мердігер – «D&K» ЖШС. Жоба бойынша 19 шақырымға жететін су құбырын тартуды көзделген.
Жобаны аяқтау 2025 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланып отыр. Қазір құрылыс алаңында үш техника мен 16 адам жұмыс жасауда.
Құрылыс аяқталғаннан кейін кент тұрғындары орталықтандырылған ауыз сумен қамтылады.