
Жас өнерпаз 6 жасынан бастап қобыз аспабында ойнайды. Содан бері түрлі халықаралық конкурстардың лауреаты атанды. Әлемднің үздік концерттік залдарында өнер көрсетіп, репертуарында 100-ден астам шығарма бар.
«Киелі Түркістанда түсірілген Абайдың халыққа әйгілі «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас» әндерінен құралған композицияны қабыл алыңыздар», – деп жазды А. Амангелді әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айдана Амангелдінің орындауындағы осы және басқа композициялар Viva Music All World байқауында қамтылады. Ондағы жеңіс Нью-Йоркке баруға және қобыз үнін танымал Carnegie Hall-да шырқатуға мүмкіндік береді.
Биылғы 4 маусымда қобызшы YouTube-тегі каналында Абайдың әндері қамтылған композияцияның видеосын жариялады.
Абайдың халыққа әйгілі «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас» әндері бір композицияда жинақталып отыр. Қобызшы Айдана Амангелдінің орындауындағы композиция Түркістан қаласында түсірілген.
Осы орайда жас өнерпаз бұл еңбекке бар күш-жігерін салғанын атап өтті.
Өз кезегінде көрермендер Айдананың талантына тәнті болып, жылы лебіздерін білдірді.
Semey News