ШҚОҚоғамТОП

«Қауіпсіз жол» ЖАІШ

Жедел алдын алу іс-шарасы басынан бастап 23 мыңнан астам жол ережелерінің әкімшілік құқықбұзушылықтары анықталды, деп хабарлайды Semey News.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментімен көлік жүргізушілерінің көліктік тәртібін жоғарлату, жол-көлік оқиғалары санын азайту, сондай-ақ жол ережелерін бұзуды ескерту мақсатында ағымдағы жылдың 17 мамырынан 16 маусымы аралығында облыс аумағында «Қауіпсіз жол» жедел – алдын алу іс-шарасы жүргізілуде.

  • Полиция қызметкерлерінің ескертулеріне қарамастан жылдам жүргісі келетіндер саны азаймауда. Телефон арқылы сөйлесу көбінесе жол-көлік оқиғаларының себебі болып табылады, жыл басынан бастап осындай 1900 факті анықталды. Сонымен қатар 1607 жүргізуші жылдамдықты арттырды және 4019 қауіпсіздік белбеулерін тақпаған. 120-дан астам жүргізушілер мас күйінде рөлге отырған.

Сонымен қатар, 325 автокөлік айыппұл тұрағына кіргізілді, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірдегі 2 автокөлік ұсталды. Қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 136 бұзушылық анықталды,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Облыста белгіленбеген жерден өтуге тырысатын жаяу жүргіншілер саныда азаймауда. Тәртіп сақшыларымен тұрақты негізде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде, бірақта тәртіп бұзушылық азаймауда. Үш апта ішінде жол ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке 4665 жаяу жүргінші тартылды.

Құрметті облыс тұрғындары және қонақтар, ШҚО полиция департаменті жол ережесін сақтау маңызды екенін еске салады. Жүргізушілерді көлік жүргізу барысында мұқият болуға, жол ережелерін сақтауға, ал жаяу жүргіншілерді – арнайы белгіленген жерлерден өтуге шақырады.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button