Абай облысыҚоғам

Абай облысының 1500-ден астам тұрғыны жыл басынан бері некеге тұрды

Үйлену тойы – әр адамның өміріндегі ерекше және маңызды қадам. Некеге тұрудың бірінші кезеңі – некені тіркеу туралы куәлікке өтініш беру және алу. Жыл басынан бері 1771 жұп Абай облысында үйленіп, 280 отбасы ажырасуға арыз берді.

Некені тіркеу үшін болашақ жас жұбайлар АХАТ бөлімдері арқылы ХҚКО-да некені тіркеуге өтініш беруі керек, сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы өтініш беруге болады.

Өтініш берген кезде мынадай құжаттарды көрсету қажет: жеке басын куәландыратын құжаттар; егер өтініш берушілердің қайсысында неке қайталанса, некені бұзу туралы куәліктер; егер балалары болса, балалардың туу туралы куәліктері; мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек (2024 жылы 3 864 теңге, кез келген банктің кассасында төленеді).

АХАЖ өкілі Сізден өтініш пен құжаттарды қабылдағаннан кейін АХАЖ – да тіркеу күні 15 күнтізбелік күнге тағайындалады, ол неке қию туралы өтініш берілгеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Белгіленген күні АХАЖ-ға келіп, неке қию туралы куәлік алу қажет. Осы күннен бастап Сіз қазірдің өзінде ерлі-зайыпты болып саналасыз. Сіздің некеңіз ресми түрде тіркелген болып саналады.

Айта кетейік, АХАЖ Семей қаласында Найманбаев, 139 мекен-жайында орналасқан.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button